iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Мұхаммед_әл-Мұнтасыр
Мұхаммед әл-Мұнтасыр — Уикипедия Мазмұнға өту

Мұхаммед әл-Мұнтасыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұхаммед әл-Мұнтасыр
араб.: محمد المنتصر‎
Мұхаммед әл-Мұнтасыр
862 жылы әл-Мұнтасырдың атымен шығарылған динар
Лауазымы
Ислам халифатының 30-шы халифасы
11 желтоқсан 861 — 7 маусым 862
(Лақап аты Әл-Мұнтасыр Билләһ)
Ізашары Жағфар әл-Мүтәуәккил
Ізбасары Ахмед әл-Мұстағин
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 23 наурыз 838 (0838-03-23)
Самарра, Ислам халифаты
Қайтыс болуы 7 маусым 862 (0862-06-07) (24 жас)
Самарра, Ислам халифаты
Династия Аббас әулеті
Әкесі Жағфар әл-Мүтәуәккил
Анасы Хабашия

Мұхаммед әл-Мұнтасыр (араб.: ‎محمد المنتصر‎‎; 23 наурыз 838, Самарра7 маусым 862, Самарра) — Ислам халифатының 30-шы халифасы, мүміндердің әмірі.

849 жылы 13 жасында тақ мұрагері деп жарияланды. Әкесі өлтірілген кезде түркі қолбасшылар оған серт береді.

Әл-Мұнтасырдың халифа деп жариялануына байланысты кейбір қарсылықтар туындады. Оның халифа болғанын қаламағандардың көбеюінен және әл-Мүтәуәккилдің түркілерге қарсы жасақтаған әскеріне халық арасынан да адамдар қосылғаннан кейін қақтығыс тіптен үдей түсті. Тіпті бірнеше кісі қаза тапты. Сондықтан қолбасшылардың араласуымен қақтығыс тоқтатылды.

Әкесінің Әлидің жақтастарына көрсеткен қысымы мен Құсайынның қабірін зиярат етуге салған тыйымы да тоқтатылды. Әл-Мүтәуәккилді өлтіріп, әл-Мұнтасырдың халифалық билікке келуі, түркілердің халифат ішіндегі салмақтарын арттыра түсті. Өйткені олар бұдан былай кімнің халифа боланына, тіпті олардың өміріне қатысты шешім айтатындай күшке ие болды. Сондықтан солардың қалауына сай әл-Мұнтасыр әл-Мүтәуәккилдің тақ мұрагері болған Мұхаммед әл-Мұғтазз және әл-Муаяд атты екі ұлын мұрагерліктен алыстатты.

Тұлғалық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әл-Мұнтасыр әкесінің өліміне араласқандықтан өзін кінәлі сезінетін. Көп уақыт өтпей науқастанады. 8 маусым 862 жылы қайтыс болады. Әл-Мұнтасыр кешіргенді, жомарттықты және халқына әділ билік еткенді жақсы көретін[1].

Дереккөздері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам тарихы. Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4