Мурле (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мурле
бейр, аджиба, муруле
Бүкіл халықтың саны

230 000

Ең көп таралған аймақтар
 Судан

200 000

 Эфиопия

30 000

Тілдері

мурле тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер, суннизм

Мурле (бейр, аджиба, муруле)[1] — жалпы саны 230 мың адамды құрайтын Суданда қоныстанған халық. Сонымен қатар Эфиопияда 30 мың адам тұрады.[2]

Тілі - мурле немесе капета тілі.[3]

Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бөлігі – сүнниттік мұсылмандар.[4]

Мурле жартылай отырықшы, ал кейбір топтары жартылай көшпелі өмір салтын ұстанады. Дәстүрлі шаруашылықтың негізгі салалары жайылымдық мал шаруашылығы (ұсақ және ірі қара мал өсіру) және қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, асқабақ, жержаңғақ, күнжіт, темекі). Қосымша салалар: аңшылық және балық аулау. Қолөнерден геометриялық ою-өрнектерді пайдалана отырып, түрлі-түсті кілемшелер, қоржындар, шағын ыдыстар тоқу, ағаш ою, тері өңдеу, олардан бұйымдар жасау дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мурленің әлеуметтік ұйымы әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты рулық құрылымға ие. Шағын әлеуметтік бөліністер – тектік және одан да үлкен патрилинейлік рулық генеалогиялық байланыстармен байланысты. Неке патрилокальды, көп әйел алу жиі кездеседі.

Тұрақты жаңбырлы маусымдағы елді мекендері шоғырланып орналасып, дуалдармен қоршалған. Тұрғын үйлері – домалақ үйшік – көң мен ұсақталған сабанмен саз қоспасы жағылған өрілген қаңқа, төбесі шөппен жабылған конустық шатыр. Көшпелілерде - бұтақтардан жасалған үйшік.

Ерлердің дәстүрлі киімі оң иыққа түйінделген белдік пен үлкен жамылғыдан тұрады. Әйелдер үшін - былғарыдан немесе өсімдік талшықтарынан жасалған қысқа белдемше. Қазіргі уақытта «саронг» сияқты киімдер жиі кездеседі.

Азық-түліктері - сүт және өсімдік тектес тағамдар (жарма, көкөніс, қышқыл сүт және басқа да сүт өнімдері, қан мен сүт қоспасы), балық, аң. Шығыс Африкадағы барлық малшылар сияқты етті сирек жейді.

Ауызша шығармашылық тайпалардың, олардың ата-бабаларының шығу тегі туралы мифтермен ұсынылған, ән мен музыкалық шығармашылық дамыған.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Энциклопедический справочник "Африка" МУРЛЕ https://1659.slovaronline.com/2345-%D0%BC%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B5
  2. Современная энциклопедия - мурле http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/murle
  3. Современная энциклопедия Мурле https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/203648-murle/
  4. Значение слова МУРЛЕ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1842531.html
  5. Народы и культуры Мурле https://travel-journal.ru/ethno/40/1056/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Мурле http://www.etnolog.ru/people.php?id=MURL