Микронезия
Микронезия (көне грекше: μικρός «микро-» және νῆσος «аралдар») — Океаниядағы шағын аралдар тобының жалпылама атауы. Гилберт, Мариана, Маршалл және де басқа (барлығы 1500-ға жуық арал) аралдардан тұрады. Микронезиядағы құрғақ жердің жалпы аумағы өте кішкентай, сондай-ақ халық саны да үлкен емес. Бірақ теңіз экономикалық аймақтары өте зор.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Микронезия жалпы аумағы 2,6 мың км²-ді құрайтын шамамен 1500-ге жуық арал кіреді. Микронезиядағы ең үлкен жеке орналасқан арал — Гуам аралы (541,3 км²) болып табылады.
Елдер және аумақтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Микронезия келесі елдерден және тәуелді аумақтардан тұрады:
Орналасуы | Туы | Ел | Астанасы | Аумағы (км²) | Халқы |
---|---|---|---|---|---|
Микронезия Федерациялық Штаттары | Паликир | 702 | 110.218 | ||
Гуам АҚШ |
Хагатна | 549 | 168.564 | ||
Кирибати (Лайн және Феникс аралдарынсыз) |
Оңтүстік Тарава | 811 | 92.533 | ||
Маршалл аралдары | Маджуро | 181 | 60.422 | ||
Науру | Ярен[1] | 21,10 | 10.084 | ||
Солтүстік Мариана аралдары АҚШ |
Сайпан | 477 | 82.459 | ||
Палау | Нгерулмуд | 508 | 19.907 | ||
Уэйк АҚШ |
– | 7,37 | 150[2] |
Мемлекеттік құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі кезде Микронезия бірнеше мемлекеттен тұрады.
Микронезия Федерациялық Штаттары — 4 штаттан тұрады (Понпеи, Кусаие, Чуук, Яп), бір аттас аралдарда және маңдағы аралдар топтарында орналасқан: Кусаие және Понпеи, және Яп және Чуук (Трук) аралдар топтары. Халқы — 107, 9 мың адам (2008). Астанасы — Понпеи (халқы 7 мың адам) аралында орналасқан Паликир қаласы. Ресми тілі — ағылшын. Мейрамдар: 3 қараша — Тәуелсіздік күні. Экспортирует копраны, бұрышты, балықты, кокос майын, халық өнеркәсіп бұйымдарын экспорттайды. АҚШ-пен еркін қауымдастырылған.
Маршалл аралдары. Халқы — 56, 4 мың адам (2003). Астанасы — Маджуро, 25, 4 мың адам (2004). Тілдер — маршалл және ағылшын. Діні — протестантизм және католицизм. Экспорт: копра, кокос майы, балық, маржандар. Открыты в 1529 жылы испандық А. Сааведрамен ашылған, кейін Гилбертпен және Маршаллмен зерттелген. Мейрамдар: 1 мамыр — Конституция күні.
Кирибати — 5 млн шаршы км акваториясындағы 33 маржан аралы. Гилберт, Феникс, Лайн, Банаба (бұрынғы Ошен) аралдар тобынан тұрады. Халқы — 98 мың адам (2009). Астанасы — Оңтүстік Тарава, 40, 3 мың адам (2005), Тарава аттолында орналасқан. Ең биік нүктесі — Саммит, 81 м. Ресми тілі — ағылшын, бірақ барлығы кирибати (тунгаруан) тілінде сөлейді. Діндер — протестантизм, католицизм. Алғашқы болып аралға Кирос 1606 жылы келген, Д. Байрон, Д. Гилберт және Д. Маршалл зерттеген. Гилберт құрметіне арнап арал атауын Крузенштерн берген. Экспорт: копра, балық. Мейрамдар: 21 шілде — Тәуелсіздік күні.
Палау (Белау) — жалпы аумағы 458 шаршы километрді құрайтын 328 аралдан тұрады, ең үлкені — Бабелтуап, ең биік нүктесі — 217 м. Халқы — 20, 9 мың адам (2008). Астанасы — Бабелтуап аралындағы Нгерулмуд, 391 адам. Ресми тілі — ағылшын, палау. Діндер — католицизм, протестантизм. Мейрамдар: 1 қазан — Тәуелсіздік күні. Аралға алғашқы болып испандықтар XVII ғасырда келген. 1889 жылы аралдар Германияға сатылды. Экспорт — копра және тунец.
Науру — жеке маржан аралы, көтерілген атолл. Науру мемлекетін құрайды. Аумағы — 21 км². Халқы — 11, 3 мың адам (2009). Ресми астанасы жоқ, ел үкіметі Ярен округінде орналасқан. Ресми тілдер — ағылшын тілі және науру тілі.
Солтүстік Мариана аралдары. Халқы — 86, 6 мың адам. Астанасы — Сайпан, 62, 4 мың адам (2000). Ең биік нүктесі — 965 м. Ресми тіл — ағылшын. Діні — католицизм. Магелланмен ашылған, XIX ғ. соғына дейін испан колониясы ретінде болған, 1899 жылы Германияға берілді, қазір — АҚШ-қа тиесілі. Экспорт: халық тұтыну тауарлары, азық-түлік.
Гуам — Мариана аралдар тобының құрамындағы арал; биіктігі 405 м-ге дейін жетеін үстірт. АҚШ-қа тиесілі. Халқы 173, 5 мың адам (2007). Астанасы — Хагатна, 1, 1 мың адам (2000). Тілдер — ағылшын, Чаморро. Губернатор басқарады. Діні — католицизм. Экспорт: киім, сусындар, темекі, электроника. Мейрамдар: наурыздың алғашқы дүйсенбісі — Гуам күні, 21 наурыз — Азат ету күні. Арал Магелланмен 1521 жылдың 6 наурыз күні ашылды, 1565 жылдан бастап — Испания колониясы, 1898 жылдан бастап — АҚШ-қа тиесілі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Es handelt sich bei Yaren nicht um die Hauptstadt Naurus, sondern um den Regierungssitz. Nauru hat keine offizielle Hauptstadt.
- ↑ әскерилер және әуежай қызметкерлері.
|