Исфаһан
Қала | |
Исфаһан | |
парсы: اصفهان | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Остан | |
Шахрестан | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
32°38′ с. е. 51°29′ ш. б. / 32.633° с. е. 51.483° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 32°38′ с. е. 51°29′ ш. б. / 32.633° с. е. 51.483° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орталығының биiктігі |
1590 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1 583 609 адам (2006) |
Исфаһан шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Исфаһан |
Исфаһан қаласы (парсы: اصفهان — Эсфеһан) – Иранның орталық бөлігіндегі қала. Зайендеруд өзенінің жағасында, Тегераннан 340 км қашықтықта орналасқан. Исфаһан останының әкімшілік орталығы. Халқы 700 мыңдай (1995). Тегераннан кейінгі өнеркәсіп-сауда орталығы. Тоқыма, тамақ, цемент, аяқ киім, т.б. өнеркәсіп орындары бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көне әдебиеттерде Исфаһан (мысалы, Птоломейде) Аспадана деген атпен кездеседі. Сасани әулетінің тұсында Иранның ірі шаруашылық әрі әкімшілік орталығы болды. 7 ғасырда арабтар жаулап алған. 8 – 13 ғасырларда Таяу және Орта Шығыстың ең ірі қолөнер және сауда орталығы болды. 1237 жылы Шыңғыс хан империясы шапқыншылығына ұшырады, көп ұзамай қалпына келтірілді. 1387 жылы Әмір Темір жаулап алып, ауыр соғыс салығын салды. Сефеви әулеті үстемдік құрған кезде (16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басы) қала өсіп өркендеді. Аббас Қ шаһтың тұсында қайта жоспарланып, іргелі құрылыстар салынды. 17 ғасырда Исфаһан 600 мың халқы бар қалаға айналды. 1722 жылы қаланы ауғандар жаулап алып, талан-таражға ұшыратты, халқы азайып кетті. 18 ғасырдың аяғында Тегеран астанаға айналғаннан кейін Исфаһан бұрынғы маңызынан айрылды.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атақты тұрғындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнеркәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Исфаһан – кілем тоқу мен қол өнерінің сондай-ақ, ортағасырлық миниатюра өнерінің (қ. Исфаһан мектебі) ертеден келе жатқан орталығы.
Оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихи ескерткіштері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Исфаһандағы архитектуралық ескерткіштер, негізінен, ескі қала бөлігінде. Олар: Үлкен мешіт (9 – 20 ғасырлар), мұнаралар (12 ғасыр және 17 ғасыр), Жафар (14 ғасыр) мен Харуне – Велайдың (1512, сәулетші Хосейн; 1656 жылы жөнделген) кесенелері. Сефеви әулетінің тұсындағы шаһ мешіті (1612 – 30, сәулетші Әбу-л-Казем; 18 – 20 ғасырларда жөнделген), Лотфолла шейһтың мешіті (1603 – 18); Әли-Капу сарайы (15 ғасыр; 17 ғасырда кеңейтілген), т.б. Исфаһанда Аллаберді хан (1600 жыл шамасы) мен Поле-Қажының (1641 – 1666) көпірлері бар.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |