iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.
iBet uBet web content aggregator. Adding the entire web to your favor.



Link to original content: http://kk.wikipedia.org/wiki/Аббас_әулеті
Аббас әулеті — Уикипедия Мазмұнға өту

Аббас әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аббас әулеті
араб.: بنو العباس‎
араб.: العباسيون
Сурет
Аббасидтік қара ту
Негізгі әулеті

Һашим әулеті

Елі

Аббасилер халифаты
Мәмлүк сұлтандығы

Құрылды

750 жыл

Негізін салушысы

Әс-Саффах

Соңғы басшысы

III Әл-Мүтәуәккил

Титулдары

Халифа
Әмір әл-Муминин
Сұлтан

Ұлты

Арабтар

Биліктен құлауы

1543 жыл


Аббас әулеті (араб: بنو العباس‎; Бану Аббас) — Аббаси халифатын билеген әулет (749-1258). Мұхаммед пайғамбардың ﷺ немере ағасы Аббас бин Абдуль-Мутталибтен тараған.

Мұхаммед ибн Әлидің ұлы Ибраһим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс Умәйя әулетін тақтан тайдырған соң, Аббас әулеті үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-Саффах (750-754) болды. 762 жылы Аббас әулетінің астанасы Шамнан (Дамаск) Бағдатқа ауыстырылды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде, кейде «Бағдат халифаты» деп те аталады.

Һарун әр-Рашид кезіндегі Аббас әулетінің иелігі

Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы,географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан һарун әр-Рашид (786-809), Мамун (813-833), әл-Муғтасим (833-842) қызметтері айрықша аталды.

Кейін VIII ғ.-дың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда буилер, одан селжұқтар Аббас әулетін ығыстырыл шығарды да, олар тек діни істерге ғана араласатын болды. 1258 жылы Хұлағу хан бастаған моңғолдар Бағдатты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 ж. әл-Қаһирада халифа атағын берген. 1517 жылы түрік сұлтаны Селим I халифаны Ыстамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Abbasid Caliphate