27 мамыр
|
Мамырдың 27 — Григориан күнтізбесінде жылдың 147-ші күні (кібісе жылдарда 148-ші). Жылдың аяғына 218 күн қалады.
Мерекелер
өңдеу- Қырғызстан кітапханалар мен кітапханашылар күні.
- Ресей Ресей Федерациясында кітапханалар күні.
Оқиғалар
өңдеу- 1199 — Рим Папасы III Иннокентий діни қызметкерлерге алғашқы тікелей папалық салық салды.
- 1703 — I Пётр Петропавл қамалының негізін қалады. Санкт-Петербург қаласының құрылған күні.
- 1844 — Морзе әдісі бойынша алғашқы хат жіберілді.
- 1873 — Ханзада Эдуард Аралының тұрғындары Канадаға қосылу туралы шешім қабылдады.
- 1920 — Татар АКСР-ның құрылуы.
- 1922 — Ватикан Палестина аумағында еврей мемлекетін құру жоспарларын қатты сынға алды.
- 1937 — Сан-Францискода «Алтын қақпа» көпірі салтанатты түрде ашылды.
- 1940 — Екінші дүниежүзілік соғыс: Бельгия капитуляция туралы құжатқа қол қойды
- 1981 — Еуропа чемпиондары кубогының финалы: Парижде «Ливерпуль» «Реал Мадридті» жеңіп, соңғы бес жылда үшінші рет кубокты жеңіп алды.
- 1987 — Еуропа чемпиондары кубогының финалы: «Порту» Венада «Баварияны» жеңіп (2:1), бірінші рет кубокты жеңіп алды.
- 2009 — УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы: «Барселона» «Манчестер Юнайтедті» (2:0), жеңіп, үшінші рет кубокты жеңіп алды.
Туғандар
өңдеу- 1332 — Ибн Халдун, араб тарихшысы, әлеуметтанушы, философ.
- 1794 — Корнелиус Вандербильт, америкалық кеме және теміржол магнаты.
- 1879 — Карл Бюлер, неміс психологы және лингвист.
- 1897 — Джон Кокрофт, ағылшын физигі, физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1951).
- 1923 — Генри Киссинджер, америкалық мемлекет қайраткері, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1973).
- 1956 — Джузеппе Торнаторе, итальяндық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер, Оскар және BAFTA сыйлықтарының иегері.
- 1999 — Лили-Роуз Депп, актриса және модель, Джонни Депп пен Ванесса Парадидің қызы.
Қайтыс болғандар
өңдеуСанат:26 мамырда қайтыс болғандар
- 1525 — Томас Мюнцер, неміс гуманисті және теологы, шаруалар көтерілісінің жетекшісі.
- 1564 — Жан Кальвин, швейцариялық діни реформатор, кальвинизмнің негізін қалаушы.
- 1762 — Александр Готтлиб Баумгартен, неміс философы, эстетика терминінің авторы.
- 1762 — Гракх Бабеф, француз революционері, утопияшыл коммунист, ғылыми коммунизмнің алғашқы өкілдерінің бірі.
- 1840 — Никколо Паганини, итальяндық композитор.
- 1910 — Роберт Кох, неміс дәрігері және микробиологы, Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1905).
- 1964 — Джавахарлал Неру, Үндістанның бірінші премьер-министрі.
- 1987 — Джон Говард Нортроп, америкалық биохимик, Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1946).